Русский Сайттың толық нұсқасы

Д. Назарбаева: Бір жылдық мемлекеттік тапсырыстың жартысына жуығын иеленген 15 азамат кім?

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1679

Мемлекеттік сатып алу саясатын «май шелпекке» айналдырған 15 азамат кім? Бүгін Мәжілісте «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасын таныстыру барысында вице-спикер Дариға Назарбаева қызықты деректер келтірді. 2013 жылы әлдебір 15 азамат мемлекеттік тапсырыстың жартысына жуығын иеленіп, 400 миллиард теңгені қалтаға басқан көрінеді. «Байқауларға түрлі фирмалар атынан қатысып, бар тапсырысты сыпырып алған пысықайлардың аты-жөнін білуге құқымыз бар»,- дейді Назарбаева.

Дариға Назарбаева, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі:

Если верить Форбсу, нашему казахстанскому, в 2013 году крупнейшими получателями госзаказов - а это 15 физических лиц, через различные фирмы освоено почти 400 миллиардов тенге или 37,8% от всего объема государственных закупок. Кто они, эти счастливцы, эти 15 физических лиц?

Мұндай сорақылықтар болмас үшін, қолданыстағы заңды ширату керек. Бүгін төменгі палата Қаржы министрлігінен заң жобасын қабылдап алды. Құжаттың тағы бір осал тұсы - ұлттық компаниялар оған бағынбайды, дейді депутаттар. 2008 жылдан бері мемлекеттік сатып алу процесі ұлттық компанияларда жабық түрде өтеді.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Бюджеттің барлық мемлекеттік сатып алуға шығатыны - 1 триллионның төңірегіндегі қаражат. Ал енді ұлттық компанияларда 4 триллионға жуық қаражат. Ал енді осы 4 триллион қаражатымыз біздің жабық режимде сатып алу режимімен өтіп отыр. Оны ешкім білмейді, кім алып жатыр, қайда кетіп жатыр. Олай болса, оралдырайық оларды осы заңға, келсін осында, осында кіргізейік оның бәрін.

Сондай-ақ, депутат Өксікбаев, тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде алдымен бағаға басымдық берілетіндіктен, сапа жайына қалады, дейді. Бұдан шенділердің өзі талай рет «таяқ жепті». Вице-спикер Дариға Назарбаева қызмет пен тауар сапасы үшін белгілі бір мерзім аралығында кепіл беруді міндеттеуді ұсынды.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Сіздің бір комитетіңіз кезінде чайный сервиз алған. Онда қойған бағасы анау «Мадоннаның» бағасын қойып, бірақ кейін алған кезде он есе арзан қытайдың чайный сервизін салды. Ол заңды дүние, сондай болып жатыр. Біз ештеңе оған жасай алмадық. Оған «сен заңды бұздың» деп ешкім ештеңе дей алмады. Бірақ қаралған баға сол жерде сондай еді. Міне, сол қазір мына заңнын бетінде тағы қалып отыр.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ