Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайлық полицей өзіне өзі қару кезенді

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1581

Қостанайлық полицей өз-өзіне қол жұмсамақ болды. Ауыр жарақат алған тәртіп сақшысы қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Қалалық ішкі істер бөлімінің жедел уәкілі таңертең табельдік қару алған соң, бастығына жолықпастан, өз еркімен қызмет орнынан кетіп қалған. Қару асынған полицейді тез арада табу үшін іздеу жарияланып, орталық  жедел басқармасына хабар түседі. Екі сағаттан соң хабарсыз кеткен қызметкердің жеке автокөлігі бейнебақылауға ілігіпті. Тәртіп сақшылары қара түсті «Лада» автокөлігін Майлин мен Жеңіс көшесінің қиылысында тоқтатуға бұйрық береді. Бірақ көлікті тізгіндеп келе жатқан ішкі істер бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, ауыр жарақат алады.

Қазір ол облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде  жатыр. 25 жастағы полицей осыдан екі жыл бұрын ішкі істер бөліміне жұмысқа қабылданған. «Оның өз-өзіне қол салуға көңіл қосып жүрген бойжеткенімен ұрысып қалуы түрткі болуы мүмкін», -дейді ішкі істер департаментінің өкілдері.

Жарасхан Ақбердиев, Қостанай облыстық ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы:

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жэатыр. Құрбысынан қазір жауап алынып жатыр. Оның айтуы бойынша, кешегі күні араларында ұрыс-керіс болғандығын анықтап берді.

Заңғар САНАЙ