Павлодарда
тұмау белгілерімен дәрігердің көмегіне жүгінгендердің саны күн санап артуда. Облыстық ауруханаға бір күнде келетіндер саны 30-50 адамға жетіп отыр. Көпшілігі балалар. Науқастардың әрбір екіншісінен тұмау белгілері анықталып
жатыр. Дәрігерлер маусымдық дертке шалдықпаудың қарапайым жолдарын түсіндіруде.
Гүлжан
Шаяхметова, Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің
орынбасары:
Көпшілік
жиналатын жерлерге барынша бармауға тырысу керек. Тұмау белгілері байқалған
жағдайда мектепке, балабақшаға, жұмысқа бармаған жөн. Сақтанудың тағы бір жолы
- денені суықпен шынықтыру.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ