Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарда маусымдық тұмау өршіп тұр

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1647

Павлодарда тұмау белгілерімен дәрігердің көмегіне жүгінгендердің саны күн санап артуда. Облыстық ауруханаға бір күнде келетіндер саны 30-50 адамға жетіп отыр. Көпшілігі балалар. Науқастардың әрбір екіншісінен тұмау белгілері анықталып жатыр. Дәрігерлер маусымдық дертке шалдықпаудың қарапайым жолдарын түсіндіруде.

Гүлжан Шаяхметова, Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

Көпшілік жиналатын жерлерге барынша бармауға тырысу керек. Тұмау белгілері байқалған жағдайда мектепке, балабақшаға, жұмысқа бармаған жөн. Сақтанудың тағы бір жолы - денені суықпен шынықтыру.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ