Русский Сайттың толық нұсқасы

НАТО әрекет ету контингентін ұлғайтпақ

  • AstanaTV
  • 05 ақпан 2015
  • 1268

НАТО әрекет ету контингентін екі есе, яғни 30 мың адамға дейін ұлғайтпақ. «Бұл жайында солтүстік атлантикалық келісім ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг мәлімдеді», - деп хабарлайды Рейтерс. 

Айта өтейік, бұған дейін бұл контингентте 13 мың әскери болды. Десе де, ілгері әрекет ету тобына тек  5 мың адам кірмек. Бас хатшы бұл ақпарды растады. Сондай-ақ ол, НАТО Еуропаның алты мемлекетінде алты басқарушы және бақылаушы орталық жасақтайтынын, хабарлады. Аталмыш орталықтар жергілікті жерлердегі ұлттық күштік құрылымдармен байланыс орнатуға міндеттеледі.

НАТО-ның ілгері әрекет ету контингентіне: құрылықтағы әскер, әскери-әуе, теңіз-әскери және арнайы операциялар құрылымы енеді. Солтүстік атлантикалық альянс бұл топты кез-келген уақытта, кез-келген жерге жөнелте алады. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА