Шенеуніктермен
тілдесу үшін енді облыс орталығына сабылудың қажеті жоқ. «Нұр Отан» шалғай елді
мекен тұрғындары үшін қоғамдық қабылдауларды ғаламтор арқылы жүзеге асыруды
бастады. Алғаш рет Ақтөбе облысында тұсауы кесілген бұл жобаны «Нұр Отан»
партиясы «Қазпошта» акционерлік қоғамымен бірлесе отырып қолға алды. Оның
барысында алыстағы ауыл-аймақ тұрғындарының қордаланған мәселелері
тыңдалады.
Тұрғындарға
поштаның кез-келген бөлімшесінде тіркеліп, тиісті мекеме қызметкерлеріне онлайн
режимде сұрақ қоюға мүмкіндік туды. Бүгін алғашқы байланыс орнатылып, облыстық
жер қатынастары басқармасының басшысы Кеңқияқ ауылы тұрғындарының сұрақтарына
жауап берді.
Қабай
Сәрсенғалиев, Ақтөбе облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:
Аудандардан,
алыстағы, шалғайдағы ауылдардан келіп сұрақ қоюға бірталай уақыты кетеді. Жолға
шығыны кетеді. Келген кезде мемелекеттік орган адамдарымен кездесе алады ма, кездесе алмайды ма. Ол да бар. Сол сұрақтар. Бірақ мына ғаламтор арқылы, жаңа
айтып жатырмыз ғой, міне, «Қазпошта» бөлімшелері арқылы еліміз бойынша осы
сұрақтарды өзінің ауылынан осы сұрақтарды қоюына болады.
Сонымен
қатар Тамды, Қарабұтақ, Бештамақ ауылдарының халқы да алғашқы ғаламтор
байланысына шығып, көкейіндегі сұрақтарға жауап алды. Нұротандықтар бұл бастама
болашақта сәтті жалғасын табады деген сенімде.
Абылайхан
Оспанов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі:
Бұл
бастама жүзеге асқан күннен бастап тұрғындардың арыздарын қағазға түсіріп,
облыс орталығына жол жүрмеуіне болады. Шенеуніктің қабылдауына жазылудың да
қажеті жоқ. Тек ауылдағы пошта бөлімшесіне келіп, онлайн режимде қабылдауда
бола аласыз.
Глеб
Щегельский, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Бұл
5 минуттың ішінде қажетті ақпарат пен сұраққа жауап алу жолы болады. Және әрбір
арызға нақты жауаптың болатынын «Нұр Отан» партиясы қадағалап отыратынына
сенімдімін.
Жыл
басынан бері «Нұр Отанның» облыстық филиалына 300-ге жуық өтініш түскен.
Жүздеген азамат шенеуніктермен кездесу үшін облыс орталығына келген. Бүгінгі
күні 71 сұрақтың шешімі де табылған. Халықпен неғұрлым тығыз байланыста болу - билік партиясының негізгі ұстанымдарының бірі. Осы мақсатта жаңа
технологиялардың игілігін пайдалану да - бүгінгі күннің талаптарының бірі.
Мансұр
ЕСҚОЖИН