Бүгін
Мәскеуде Қазақстан, Ресей, Армения, Беларус және
Қырғызстан
үкіметтері басшыларының қатысуымен алғашқы Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің
отырысы өтеді.
Интерфакстың хабарлауынша, тараптар кейбір нормативтік-құқықтық құжаттар
мен экономикалық интеграция мәселелерін талқыламақ.
Мәселен, Ресей рублінің девальвациясына байланысты ресейлік
тауарлардың арзандығы қазақстандық кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп
отыр.
«Қазақстан Ресей Федерациясымен арзан мұнай өнімдері, автокөлік, металл,
тауық еті, ұн, шырын және кондитерлік өнімдері импортын шектеу немесе мүлдем тоқтату
жөнінде қызу келіссөздер жүргізуде»,-деп жазды Коммерсантъ.
Дегенмен, басылым
дерегінше, Кеден Одағы статистикалық ақпаратында Қазақстандағы ресейлік
импорттың өсімі байқалмайды. Алайда, Қазақстан тарапы Одақ статистикасында
импорттың ұсақ партиялары таса қалып отырғанын алға тартып жүр.
Азамат
АЛДОҢҒАРОВ