Русский Сайттың толық нұсқасы

6 миллиард теңгеге қайта салынған Орал әуежайының ұшу-қону жолағы бүгінде шұрық-тесік

  • AstanaTV
  • 06 ақпан 2015
  • 1416

6 миллиард теңгеге қайта салынған Орал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы бүгінде шұрық-тесік. Жаңа жолақтағы ойықтардың тіпті саны да белгілі - 80-нен асады. Бұл аздай ұшу алаңын мемлекеттік комиссия әлі қабылдамаған. Бұл туралы Көлік және коммуникациялар министрлігінің жобалау институты мен әуе компанияларының өкілдерінен құрылған комиссия отырысында мәлім болды. 

Мердігерлер алаңдағы ақауды бір тәулікте жөндеуге болатынын жеткізді. «Өйткені ойықтар көлемі шағын, сондықтан әуе көліктеріне төнер қатер жоқтың қасы», - дейді. Әрі 2 460 бетон плита төселген алаңдағы тек 11 плита ғана бүлінген. Бұл - тіпті бір пайызға да жетпейтін көрсеткіш. Дегенмен, көлік прокуроры Болат Қалықов егер кемшіліктер ретке келтірілмесе, кінәлілердің қылмыстық жауапкершіліктен құтылмасын қатаң ескертті. Сонымен қатар, өзге әуе компанияларына қойылған шектеулерді тоқтату керектігі де айтылды, алайда әуежай басшылығы бұл ұсыныстан үндемей құтылды.

Амантай Қоқатаев, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі, Азаматтық авиация комитетінің басқарма басшысы:

Бұл дефектілер аэропортпен бұрынырақ айтылғанда, бұл сөз шықпайтын еді. Құрылыс компаниясы мен біздің комитеттің арасындағы келісімшарт бойынша құрылыс компаниясы осы ұшу-қону айлағындағы шыққан деффектілерді 5 жыл бойы, 60 ай бойына өздерінің есебінен түзетіп отырады. Үкімет ешқандай одан шығын алмайды.

Еркін КАРИН