Энергетика
саласында 40 жылдай еңбек етіп келе
жатқан қызылордалық Қожабек Нұрышбековтің
өмірі жас ұрпаққа өнеге. Ол өзі еңбек ететін саланың даму жолын, қиындығы мен
қыр-сырын жатқа білетін ардагер. Осы мамандықтың мәртебесін көтеруге ұлы Ердаулет те бет бұрған. Болашақта бұл
кәсіпті немерелері де жалғастырмақ. Еңбек әулетінің бүгінгі тіршілігі туралы
әріптесім Шарипа Сақтапованың материалы.
Қожабек
Нұрышбеков күні кешеге дейін қосалқы станциялардың қолмен басқарылып келгенін
еске алады. Сымдар ораусыз ашық жататындықтан, апаттар да жиі орын алушы еді,- дейді. Сала ардагерінің
айтуынша, энергетик болу әрі қатерлі, әрі бейнеті мол кәсіп. Апаттарды жою
барысында талай жолдасының мерт болғаны көз алдында. Ал бүгінде жаңарған
автоматтандырылған станцияларда жұмыс істеудің өзі бір ғанибет,- дейді.
Қожабек
Нұрышбеков, Қызылорда электр тарату орталығының бөлім басшысы:
Қазір
бәрі жаңа типке көшіп жатыр, жарықтың түрі де өзгеріп жатыр. Бұрын лампочка
накаливания жанып тұрса, қазір люмисентті, ртутный лампочкалап жанып тұр.
Әрине, салыстыруға болмайды, дамып келе жатырмыз.
Энергетик
мамандығын бүгінгі жастар көп таңдай бермейді. Жиі іссапарлардан, апаттар мен ашық аспан астындағы мезгілсіз жұмыстың
бейнетінен қашады. Ердаулет Нұрышбеков болса, әкесімен ілесіп жүріп, кейін
ойланбастан осы мамандықты таңдады. Екі бірдей жоғары оқу орнын бітіріп,
энергетика магистры атанса да, еңбек жолын қарапайым электромонтердан бастаған.
Ердәулет
Нұрышбеков, Қызылорда электр тарату
орталығының жетекші маманы:
Әкемнің
қасында жүріп, біраз қызыға қарап, содан менде осы мамандыққа деген мақсат
болды. Бұл электроэнергетика көбісінде математика және физика пәндерінің
негізгі түп нұсқасымен істелетін жұмыстар. Өзіміз жоба жасасақ та болады,
жасап та жүрміз.
Жобаларды
жас мамандар ардагерлердің қатысуымен зерттеп, іске асырады. Бас қосатын жер -
Нұрышбековтердің шаңырағы. Осында жиналып, қызу пікір таластырады.
Руслан
Төлебаев, Қызылорда электр тарату орталығы
автоматттандыру бөлімінің басшысы:
Қожабек ағамыз сияқты, осы салада көп
еңбек етіп келе жатқан осы кісілердің ақыл-кеңесін, тәжіребиесін өз білімдерімізбен
ұштастырып, алдағы уақытта жаңа келіп жатқан технологияларды меңгеру барысында,
әрине, оны пайдаланатын боламыз.
Әкелі-балалы
Нұрышбековтер кәсіптерін мақтан тұтады. Өйткені халыққа жарық жеткізеді.
Дегенмен, жас маманның да, ардагердің де көкейінде жүрген мәселе - салаға керекті
жабдықтардың өзімізде емес, шет елдерде шығарылатыны. Энергетиктер керек
құрал-саймандарды әзірге Ресей мен Қытайдан алуға мәжбүр.
Шарипа
САҚТАПОВА