Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нормандық төрттік» сәрсенбі күні Минскіде келіссөздер жүргізеді

  • AstanaTV
  • 09 ақпан 2015
  • 1404

Ал сәрсенбіде Минскіде «нормандтық төрттіктің» кездесуі өтеді. Ресей, Франция, Германия және Украина лидерлерінен бөлек жиынға Донецк және Луганск ұлттық ресубликаларының делегациялары қатысады деп күтілуде.

Кездесудің осы форматта өтуі жайында телефон арқылы келіссөздер жүргізген Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд пен Петр Порошенко уағдаласқан. Минск саммитінің басты мақсаты - шығыс Украинадағы дағдарысты бейбіт жолмен шешу.

Айта өтейік, төрт елдің жетекшілері өткен айдың 15-інде Астанада кездесулері керек еді. Алайда сәті түспеді. Алдағы болар кездесуге Германия мен Франция тараптары ұйытқы болды.

Сондай-ақ, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри де осы екі елдің позициясын толық қолдайтынын жеткізді. Алайда, сарапшылар бұл жүздесу айтарлықтай нәтиже бермейді деген ойда.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА