Русский Сайттың толық нұсқасы

Берлинде «Норманд төрттігі» елдері өкілдерінің кездесуі тәмамдалды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2015
  • 1079

Берлинде «Норманд төрттігі» елдері өкілдерінің кездесуі тәмамдалды. Бұл туралы ақпарды дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасап «РИА Новости» хабарлады. Айта кетейік, «Норманд төрттігі» Берлинде 11- ақпанда Минскте өтетін украиналық жағдайға байланысты саммит алды кездесу өткізген болатын.

Басқосу жеті сағатқа жуық созылды. Оған Германия Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайердің сенімді өкілі, ведомствоның статс-хатшысы Маркус Эдерер және Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин қатысты.

Кездесу баспасөз өкілдерінің қатысуынсыз, жабық тәртіпте өткізілді. Еске салайық,
«Норманд төрттігіне» кіретін Ресей, Германия, Франция және Украина елдері өкілдері 11-ақпанда Минске бірқатар ұстанымдарын талқылауға уағдаласқан болатын.

Айта кетейік, Украина президенті Петр Порошенко, Польша президенті Бронислав Коморовскимен телефон арқылы тілдесуінде
«нормандық форматта» өтетін жиында жоғары деңгейдегі келісімдерге қол жеткізетіндіктеріне сенімді екендігін айтқан.

Жұрағат БАМАН