Русский Сайттың толық нұсқасы

«Мұрат Оспанов 11 жыл қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуі тиіс». Прокурорлар осындай жаза сұрады

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2015
  • 1512

«Мұрат Оспанов 11 жыл қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеуі тиіс». Бүгін Мемлекеттік айыптаушылар сотта Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысына осындай жаза берілуін сұрады.

Бұл туралы Интерфакс хабарлайды. Мемлекеттік айыптаушы Сандуғаш Рыспаева аталған жазаға қоса, Оспановтың баспанасын тінту кезінде табылған 37 мың АҚШ долларын, және Астана қаласындағы жылжымайтын мүлкі мен Семейдегі жер телімін, және компьютерін мемлекет меншігіне өткізуді сұрады.

Еске салайық, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің экс-басшысы Мұрат Оспанов өткен жылдың 1 шілдесінде ұсталған болатын. Оған аса ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.

Жұрағат БАМАН