Русский Сайттың толық нұсқасы

«Лайнс ДЖАМП» серіктестігі жұмысшылары алдындағы қарызының 30 пайызын ғана өтеген

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2015
  • 1181

Жалақысына қол жеткізе алмай жүрген ақтөбелік мұнайшылардың талабы толық қанағаттандырылмады. «Лайнс ДЖАМП» серіктестігі, жұмысшылар алдындағы қарызының 30 пайызын ғана өтеген.

Бұл жайында арнамызға облыстық еңбек инспекциясы басқармасының мамандары айтты. Басқарма дерегінше, Ақтөбелік мұнай компаниясы өткен жылдың қазан айынан бері қарамағындағыларға жалақы төлеуді тоқтатқан.

Нәпақасын ала алмаған жұмысшылар прокуратура мен еңбек инспекциясына арыздануға мәжбүр болады. Анықталғандай компанияның 20 млн теңгеден астам қарызы бар екен.

Қадағалаушы органның нұсқауынан кейін тексеруге кіріскен еңбек инспекциясы қарызды толық өтеу туралы шарт қояды. Оларға қызметкерлерімен есептесуге уақыт берілді. Бас тартқан жағдайда іс сотқа жолданады.

Дастан Орынғалиев, Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың бөлім жетекшісі:

Қазір бұл компания қарызының тек бір бөлігін ғана өтеді. Қалған соманы 15-20-шы ақпан аралығында төлеп бітіреміз дейді. Бұған дейін 10-шы ақпанға дейін төлеп бітіреміз деген. Бірақ, олар тапсырыс берушілердің қаражат бөлуін күтіп отырмыз дейді.

Мансұр ЕСҚОЖИН