Русский Сайттың толық нұсқасы

Барак Обама Украинаға әскери көмек беру мәселесін кейінге қалдырды

  • AstanaTV
  • 10 ақпан 2015
  • 1067

Украинаға қару-жарақ жеткізу шешімі кейінге қалдырылды. «Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Германия канцлері Ангела Меркельмен біріккен баспасөз конференциясында мәлімдеді», - деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

Ақ үй басшысының сөзінше: «Америка құрама штаттары Украина дағдарысын дипломатиялық жолмен шешуге үндейді. Алайда, тараптар бейбіт мәмілеге келмеген күнде, АҚШ-тың «өзге де» жоспарлары бар, оның ішінде Киевке қарулы көмек көрсету», -  деп түйді Барак Обама.

Осылайша, Минсктегі «норманд төрттігінің» кездесуі қарсаңында, ресми Вашингтон Украина шиеленісін шешудің Берлин ұсынған тәсілін қолдап отыр. Айта кетерлігі, Германия тарапы соңғы кездері Мәскеуге деген көзқарасын өзгертіп, тіпті Еуропалық одақ елдері Ресейге қарсы кезекті санкциялар пакетін әзірлеп үлгерді.

Бірақ, ұйым, АҚШ-тың «өзге де» жоспарлары сынды, санкциялар пакетіне ерік бермей, 11- ақпанда өтетін Минск саммитін күтуде.

Ресейдің алып әскери әлеуеті бар, Украинамен тарихи туыстығын да ескерген жөн. Егер де проблема дипломатиялық жолмен шешілмесе, біз өзге де жолдарды қарастырамыз. Мен сарапшыларыма Украинаға қарулы көмек көрсету жоспарын әзірлеуді тапсырдым. Алайда нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ