Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Конгресіне Украинаға қарумен көмектесу жөніндегі заң жобасы енгізілді

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 1020

Украинаға қарумен көмектесу жөніндегі заң жобасы АҚШ конгресіне түсті. Құжат бейсенбіде Конгрестің электрондық базасына тіркелді деп жазады ТАСС агенттігі. Бастама көтерген Құрама Штаттар Сенатының мүшесі Джеймс Инхофтың сөзінше, жоба - Барак Обамаға Украина үкіметіне жойқын қару жеткізуге мүмкіндік береді.

Құжатқа 17 конгрессмен қол қойған. Айта кетейік, олардың Украинаға әскери көмек беруді көздейтін заң әзірлеу ниеті бұған дейін де болған. АҚШ бұл бағытта 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ел бюджетінен 1 млрд доллар бөлуді көздейді.

Дегенмен, заң жобасының мәтіні Конгреске ашық түрде әлі таныстырылмаған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ