Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңбыр суы Шымкенттегі жеке үйлерге қауіп төндіруде

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 1133

Шымкентте толассыз жауған жауыннан жеке үйлердің ауласын су басты. «Самал» шағын ауданындағы елуге жуық үй жаңбыр суының ортасында қалып қойды. Ылдилап аққан су үйді-үйдің аулалары арқылы өтіп, тұрғындарды әп-сәтте әбігерге салды. 

Аяқтарына резеңке етік киген жұрт ауласындағы көлкіген суды қайда ағызып жіберерін білмей әлек. Ағын сумен арпалысқандардың бар уайымы - қора-қопсысының құлап, баспананың бүлінбеуі. 

Айтуларынша, мұндай жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Тұрғындар көпір салған мекемені кінәлайды. «Былтыр мына көпірді кеңейту кезінде құрылыс жұмыстарын жүргізген мамандар арықтарды ескермеді»,-дейді.

Бағдаулет Қалдарбек:

Ертең мына көпірді салған ЖКХ ма, қай организация екенін білмеймін, бірақ сұрастырып білем. Сөйтем де, сол организацияны сотқа берем. Көпірді солай салып кеткені үшін. Мен оларға құлаған нәрселерімнің бәрін қалпына келтірткіземін.

Ақмарал Нұрымбетова:

Ол көпірімізді жөнді істемей кеткен ғой, шынын айтқанда, қасына жалғастырды да. Өйткені бір машина ғана өтетін көпір еді, біздің өзіміздің соққан көпіріміз. Кейін соны «кеңейтіп екі машина өтетін ғып істейміз»,- деді де ар жағын соққан кезде трубаларды жөндеп қоймаған да. Олардың жасаған трубалары екеуінен ғана су ағады да екеуінен мүлдем ақпайды. 

Оқиға орнына жеткен жедел топ көпір астындағы құбырды қопарып тастады. Өйткені тұрмыстық қалдықтарға толып қалыпты. Осыдан соң ғана көлкіген судың деңгейі төмендеді. Жергілікті атқамінерлер «тұрғындардың өздерінен де кінә бар. Арықтағы судың арнасынан асуына солардың салғырттығы себеп»,- деді. 

Сайдынбек Жанбосынов, Шымкент қалалық ирригация бөлімінің басшысы: 

Проект бойынша дұрыс салынбаған ба, мынау көпір кішкентай. Осыны халықтың несімен видимо сәл қос деген. Қосылды. Енді мынаның арасын көріп отырсыздар ғой. Қап та тастаған. Өлік те тастайды. Халықтың несі сонымен кеп тірелген -мына мусорлар қай жақтан кеп жатыр негізі? -Негізінен үйден және базардан шығады. 

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ