Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдарын су басты

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 1955

Алматы облысындағы Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдарын су басты. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өкілінің мәліметінше, төтенше жағдайға жаңбыр мен қардың еруі себеп болған. Бұл туралы Қаз ТАГ хабарлады.

Белгілі болғандай, Ақын Қалқа ауылындағы және Қаражиде елдімекеніндегі бірнеше үйдің ауласын су алып кеткен. Тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары әзірге жүргізілмеген.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар қызметі бүгін Алматы облысында ескерту жариялады. «Жауын-шашынның айтарлықтай мол түсуі мен қар жабынының тұрақсыз болуына байланысты ақпанның 13-інен 15-іне дейін Алматы облысының таулы аудандарында қар көшкіні болуы мүмкін» - делінген хабарламада.

Ақпарат Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында жарияланды.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА