Русский Сайттың толық нұсқасы

Ирак сарапшылары: «Ислам мемлекетінің» банк ашуы заңсыз

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 1130

«Ислам мемлекетінің» банк ашуы заңсыз әрі оны Иракқа қарсы экономикалық және қаржылық соғыс жариялаумен теңестіруге болады. Бұл туралы «Рейтерс» агенттігі Ирак экономистеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Банк елдің ірі шаһарларының бірі Мосул қаласында орналасқан.

Айта кетейік, исламшылдар өткен жылы қарашада өздерінде валюта мен алтын және күміс тиын шығаратынын мәлімдеген. Олар осы қаржыларын айналымға да шығармақ болды. Алайда, мамандар валютаны ешбір мемлекет мойындамайды, болашағы жоқ деп санайды. Еске салайық, «Ислам мемлекеті» содырларының  мақсаты - жергілікті аймақта Халифат құру.

Бассим Джамиль, экономист:

Экстремистік топ валюта шығару арқылы аймаққа ықпалын жүргізбек. Алайда ол валютаның әлемде мойындаларына сенбеймін. Жалған бәрі. Негізінде олар экономикалық және әскери тұрғыдан құрдымға кетіп барады. Сондықтан түрлі айла-тәсілдер ойлап тауып, басқаларды алдауда.

Жұрағат БАМАН