Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысындағы Ақын Қалқа және Қаражиде ауылдарын су басты

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 2527

Алматы облысында бірқатар ауылдарды су басып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Қаражиде ауылындағы 16 үй мен Ақын Қалқа ауылындағы үш үйдің ауласын су алған.

Құзырлы органның хабарлауынша, бұған жаңбыр мен еріген қар суы себеп. Тұрғындарға материалдық шығын келмеген. «Халықты қауіпсіз жерге көшіру қажет емес», - дейді құтқарушылар. Десе де, тұрғындарға демалыс күндері абай болу керектігі ескертілді.

Гүлмира Сейдахметова, Алматы облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы:

Бір сағаттың ішінде өтіп жатқан суға бөгет жасап, суды үйлерден аластатып жіберді. Осы 13 мен 14 ақпан арасында Алматы облысында қар көшкіні болуы мүмкін деген ақпарат барлық жерлерге телефонмен таратылған болатын.

Берік ХАСЕНОВ