Русский Сайттың толық нұсқасы

Голландияның Роттердам қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда

  • AstanaTV
  • 13 ақпан 2015
  • 868

Голландияның Роттердам қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Дәрежелі жарыста сынға түсіп жатқан спортшылар арасынан ширек финалға шыққан теннисшілер белігілі болды. Екінші айналымда Канада спортшысы Васек Поспишилмен кортқа шыққан Маррей екі сетте басым түсті. Бірінші сетте сауатты ойнымен көзге түскен шотландиялық 6-3 есебімен алға шықты.

Үзілістен кейін Поспешил қарсыласына тегеурінді қарсылық көрсетіп есепті теңестіруге жақын қалды. Дегенмен, керек кезде тез жиналатын Энди Маррей бұл сәтте де үздік шығып, ширек финалға жолдама алды.

Келесі ойында Чехия спортшысы Томаш Бердых Италия теннисшісі Андреас Сеппимен кортқа шықты. Бірінші сетте 6-0 есебімен жеңіске жеткен чехиялық үзілістен кейін босаңсып, 6-3 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, шешуші сетте бір қалыпты өнер көрсетіп, қорғанысын берік ұстаған Бердых қарсыласын уақытынан бұрын үйіне қайтарды.



«Питсбург» командасы жанкүйерлерін қуантты. Ұлттық хоккей лигасының кезекті турында «Детройт» клубын қабылдаған Майк Джостонның шәкірттері 4-1 есебімен басым түсті. Кездесу басынан қонақтардың қақпасына тап берген айдын иелері 2-0 есебімен алға шықты. Алдымен Патрик Хорнквис есеп ашса, артынан Блэйк Комо мүлт кетпеді. Үзілістен кейін да алған бетінен қайтпаған «Питсбург» хоккейшілері есепті ұлғайтты. Бұл сәттерде Давид Перрон мен Ник Спэлинг командаластарының қошеметіне бөленді. Қарымта шабуылға шыққан «Детройт» командасы Стивен Уэйстің көмегімен бір шайбамен жауап бергенімен, олардың одан артыққа шамалары келмеді. 

Самат ҚАНАҒАТОВ