Русский Сайттың толық нұсқасы

Копенгагенде болған атысқа байланысты күдікті ұсталды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1062

«Дания полициясы Копенгагенде екі бірдей террорлық шабуыл жасаған лаңкесті қолға түсірді»,- деп хабарлайды Рейстерс. Ол 22 жастағы Дания тумасы Омар Әл Хусейн. Лаңкес 15 -ақпанда теміржол вокзалы маңында атылды.

Ол екі апта бұрын түрмеден босатылған екен. Полиция қазір оның сыбайластары болған-болмағынын анықтап жатыр. Полиция дерегінше, ол Париждегі террактіні қайталағысы келген. Сенбі күні дәмханаға жасалған шабуылдан кейін Копенгагенде қаупісіздік шаралары күшейтілген.

Шабыл кезінде дәмханада швед карикатурисі Ларс Вилкс болған. Журналистерге Вилкс лаңкестердің оны көптен көздеп жүргенін айтты. 2007 жылы жарияланған Мұхаммед пайғамбар туралы карикатураға оның да қатысы бар көрінеді.

Даниялық қауіпсіздік және барлау қызметі елде әлі де лаңкестік қауіп-қатер басым екенін хабарлайды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА