Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина Үкіметі Ресей газынан бас тартпақ

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1232

Украина Премьер-министрі Арсений Яценюк үкімет Ресей газын тасымалдаудан бас тартатынын мәлімдеді. Бұл жөнінде ол жергілікті «1 +1» телеарнасы эфирінде хабарлады.

Үкімет басшысы 2013 жылы Украина көгілдір отынның 65 пайызын Ресейден сатып алса, 2014 жылы 67 пайызын Еуропадан алғанын мәлімдеді. Сондай
-ақ, Ресейге тәуелділіктен құтылу үшін, елде мұнай мен газ өндірісін қолға алып, экономиканың энергетика секторын рефомалайтынын айтты.

Яценюк тұрғындардан коммуналдық төлем толығымен алынатынын жеткізді. Ал сарапшылар, Украина экономикасының мүшкіл халде екенін айтады. Инфляция 26 пайызға жетті. Мемлекет қарызға белшеден батқан.

Оған қоса, Халықаралық Fitch агенттігі жақын болашақта ұлттық валюта гривна дефольтқа ұшырауы мүмкін деген баға берді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА