Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда ардагерлерге медициналық көмек көрсету шарасы басталды

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1021

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында Алматыда ардагерлерге айрықша құрмет көрсету шаралары басталды. Бұл бастаманы Шұғыл-жедел көмек көрсету мекемесі бірінші болып қолға алды. Мекеме басшыларының айтуынша, Алматының қай ауданында тіркелгеніне қарамастан, еңбек және соғыс ардагерлеріне тегін медициналық кеңес берілуде.

Ауруханадағы білікті профессорлар мен бөлім басшыларының өздері науқастарды қабылдауда. Шара мамырдың 9-на дейін жалғаспақ. Кардиолог, невропотолог, хирург және тағы да басқа мамандарға кезексіз есік ашық.

Тіпті, ауруханаға жете алмаған Ұлы Отан соғыс ардагерлерінің үйіне барып, қабылдау өткізуге дайынбыз, дейді мекеменің бас дәрігері.

Манат Сейдуманов, Алматы қалалық шұғыл-жедел көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері:

Келе алмай қалған үйдегі науқастарға, Ұлы Отан соғыс ардагерлерге үйіне баруға да біз дайынбыз. 4 жыл бұрын Елбасы өзі келіп, батасын беріп осы аурухананы ашып кеткен. Сол 4 жылдың ішінде бұл жағдай ауруханада тұрақты болады. Тек қана февраль айында емес, тек қана біздің профессорлар емес, шетелден келген бірталай үздік мамамандармен ашық есік күнін өткізу қалыптасып келеді.

Берік ХАСЕНОВ