Русский Сайттың толық нұсқасы

Тәуелсіз сарапшылар мен қоғам қайраткерлері: «Президент сайлауы мен Парламент Мәжілісінің сайлауын екі бөлек өткізу керек»

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1006

Бір мезгілде қос бірдей сайлау науқанын өткізу ата заң бойынша мүмкін емес және алдағы қаржылық қиын жылдарда тым шығынды. Бірқатар қоғам қайраткерлері мен сарапшылар тобы президенттік сайлаудың Парламент сайлауынан бөлек, мерзімінен ерте өткенін дұрыс санайды.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

Қазіргі кезде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асырып жатырмыз. Индустрияландырудың жаңа бесжылдығын бастадық. Бірақ осының барлығы бірге жасалуы керек. Мемлекет, бизнес және халық - бәрі бірге. Кейін екі жылға сайлауды қалдырсақ, ол кезде жағдай қандай болады.

Лейла Мұзапарова, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары:

Алдағы әлемдік экономикаға оңайға түспейтін жылда президент пен Парламент Мәжілісі сайлауының қатар келуі - науқандарды екі бөлек өткізуді талап етеді. Сондықтан президент сайлауының мерзімінен бұрын өткенін қолдаймын.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ