Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялық тізімінде 19 жеке және 9 заңды тұлға бар

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 830

Еуропалық одақтың Ресейге қарсы енгізген бірқатар шектеулері бүгін күшіне енді. «Қара тізімде» 19 жеке және 9 заңды тұлға бар. Одақ олардың Украинадағы ахуалды шиеленістіруге қатысы бар деп есептейді.

Еуропалық одақтың ресми журналында жарияланған тізімде депутат әрі әнші Иосиф Кобзон, Мемлекеттік Думаның депутаты Валерий Рашкин, Ресей қорғаныс министрінің орынбасарлары Аркадий Бахин мен Анатолий Антонов бар. Сондай-ақ тізімнен Донецк халықтық республикасының өкілдері, Шығыс Украинаның онға жуық тұрғыны да орын алған.

Ал 9 заңды тұлғаның қатарында Донецк және Луганск халықтық республикаларындағы жасақтар бар. Атап айтқанда, олар - казактардың ұлттық гвардиясы, «Спарта», «Сомали», «Заря», «Призрак», «Оплот», «Кальмиус», «Смерть» батальондары мен «Новороссия» қозғалысы. Санкциялар активтерді бұғаттау мен виза беруге тиым салуды қарастырады. 

Базаргүл ОТЫНШИЕВА