Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Германия чемпионатының кезекті тур ойындары болып өтті

  • AstanaTV
  • 16 ақпан 2015
  • 1175

«Астана Арландары» кәсіпқой бокс клубы тағы да үздік шықты. Бүкіләлемдік бокс сериясында сынға түсіп жатқан Марат Жәкиевтің шәкірттері бұл жолы «Пуэрто-Рико Харикейнс» клубын 5-0 есебімен жеңді. Бұл жетістігінен кейін қазақстандық ұжым өз тобының көш басына емін-еркін жайғасты. Басқа да спорт жаңалықтарын Самат Қанағатов жалғасырады. 

Турнир кестесінің көш басшысы «Бавария» командасы ірі есеппен жеңіске жетті. Бундеслигасның 21-ші турында «Гамбург» клубын қабылдаған Хосеп Гвардиоланың шәкірттері 8-0 есебімен басым түсті. Бұл ойында жасындай жарқыраған Томас Мюллер мен Арьен Роббен дубльдің авторы атанды. Үзілістен кейін Роберт Левандовски, Франк Рибери және Марио Гетце мергендігімен көзге түсіп есепті қорытындылады.

«Бавария» командасын өкшелеп келе жатқан «Вольфсбург» командасы да үш ұпайды қоржынға салды. Кездесу тартысты өтті. Алаң иелерінің сапында Сон Хын Мин хэт-триктің авторы атанса, қонақтар сапында Дост үш голмен шектелмей, покердің авторы атанды.

Алма-кезек шабуылға шыққан командалар екінші таймның 72-ші минутына дейін бір-бірінің қақпасына 4 голдан соқты. Дегенмен, кездесу аяғына қарай табандылығымен танылған «Вольфсбург» командасы  «Байер» клубының қақпасына жеңіс голын соқты. Бұл сәтте Дост командаластарының қошеметіне бөленді.

Дортмунд қаласының «Боруссия» командасы қатарынан екінші ойында жеңіске жетті. Бұл турда Юргени Клопптың шәкірттері «Майнц» клубын қабылдап, 4-2 есебімен үздік шықты. Екінші таймның басында таблодағы есеп 2-2 болатын. Ал қалған уақытта екі бірдей сәтті шабуыл ұйымдастырған алаң иелері жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Бұл сәттерде Обамеянг пен Шахин жанкүйерлер қошеметіне бөленді. 

Самат ҚАНАҒАТОВ