Русский Сайттың толық нұсқасы

2016 жылы Қазақстанда бастауыш сыныптарда білім берудің жаңартылған стандарты енгізіледі

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 1359

2016 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстандағы бастауыш сыныптар - 12 жылдық білім берудің жаңартылған стандартымен оқытылады. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, 1+11 жүйесі бойынша дайындық сыныбы енгізіледі. Және бұл - біріктірілген бағдарлама болмақ. Яғни, бағдарламалар халықаралық стандарттарға сәйкестендіріледі. Білім министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күні еліміздегі балалардың 95 пайызы дайындық сыныбына барады.

Ал, жаңа стандартты әзірлеу жұмысы осы жылдың аяғына дейін созылып, кезең-кезеңімен іске асады.

Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

2015 жылдың қыркүйегінен бастап, бастауыш сыныптардың жаңартылған стандарттары бойынша оқытуды 30 мектепте бейімдеуді бастаймыз. Ал, келесі жылдың қыркүйегенде барлық мектептерде іске асырамыз, яғни, 2016 жылы бірінші сынып, 2017 жылы 2-ші сыныпқа енгізіп, осылайша біртіндеп барлық бағдарламаны жаңартамыз.

Сондай-ақ, Білім министрлігі Бас прокуратурамен бірігіп, жеке Жоғары оқу орындары мен колледждерді тексеру жұмыстарын жалғастырмақ. Өткен жылы 5 жоғары оқу орны жабылып, 8 оқу орнының лицензиясы тоқтатылған. Ал, үш жоғары оқу орны бойынша материалдар сотта жатыр.

Тоғжан АМАНАЛИЕВА