Русский Сайттың толық нұсқасы

Президенттік сайлаудың мерзімінен бұрын өтуін Қазақстан Жазушылар одағы да қолдайды

  • AstanaTV
  • 17 ақпан 2015
  • 921

Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұсынысын Қазақстан Жазушылар одағы да қолдайды. Бұл туралы одақ төрағасы Нұрлан Оразалин айтты.

«Науқан - халық пен мемлекеттік органдарды, Үкімет пен Парламентті дағдарысқа қарсы шараларды іске асыруға жұмылдыру үшін  шешуші шарт болмақ»,- дейді одақ төрағасы.

Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:

Осыған байланысты көп созбай, әрі қоғамды көп күттірмей, әрі-сәрі халге жеткізбей сайлау циклінен өтіп алу маңызды деп есептейміз. Сондықтан да біз Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын толығымен қолдаймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ