Президент сайлауын өткізу туралы Қазақстан халқы
Ассамблеясы ұсынысын Қазақстан Жазушылар одағы да қолдайды. Бұл туралы одақ
төрағасы Нұрлан Оразалин айтты.
«Науқан
- халық пен мемлекеттік органдарды, Үкімет пен Парламентті дағдарысқа қарсы
шараларды іске асыруға жұмылдыру үшін
шешуші шарт болмақ»,- дейді одақ төрағасы.
Нұрлан Оразалин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы:
Осыған байланысты көп созбай, әрі қоғамды көп күттірмей, әрі-сәрі халге жеткізбей сайлау циклінен өтіп алу маңызды деп есептейміз.
Сондықтан да біз Президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу идеясын толығымен
қолдаймыз.
Айгүл
ӘДЕПБАЙ