Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ислам мемлекеті» ұйымымен қарсы күреске Жапония да қосылды

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 887

Жапония билігі Ислам мемлекеті радикалды ұйымына қарсы күрес жүргізуге кірісті. Жапония исламшылдармен күреске 15 миллион доллар бөлуге дайын. Рейтерстің хабарлауынша, содырлар Сирияда 2 жапон азаматын өлтіргеннен кейін осындай шешім қабылданған.

Ал Мысыр басшысы, Абдель Фаттах ас-Сиси БҰҰ-ның
Қауіпсіздік кеңесін Ливияға халықаралық миссиямен кіру жөнінде қарар қабылдауға үндеп отыр. Оның сөзінше, бұдан басқа амал жоқ.

Жуырда, мысырлық әуе күштері Ливиядағы
«Ислам мемлекеті» содырларын әуеден соққылады. Бірінші кезекте «Ислам мемлекеті» ұйымының жаттығу лагерлері мен полигондары, қару-жарақ қоймалары нысанаға іліккен.

Бұл христиан-копт нанымындағы 21 мысыр балықшысының өліміне өзіндік жауап. Ресми Каир
«Ислам мемлекеті» радикалдарымен күрес үшін, құны 5 миллиард еуроға түскен 24 Рафаль жойғыш ұшағын әуеге көтерген.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ