Русский Сайттың толық нұсқасы

Таразда 50 жылдан бері жөндеу көрмеген көп қабатты үй бар

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 813

Таразда көп қабатты үй тұрғындары баспананың құлауынан қауіптеніп отыр. Олар журналистерді шақырып, көгерген қабырғалары мен апатты шатырын көрсетті. 44 отбасы көгілдір отыннан да қағылған.

40 жылдан аса құрылыс көрмеген көп қабатты үйдің көгерген исі көшеге жетеді. Ал, мына шатырдың үсті сорғалаған судың салмағынан опырылып құлауға жақын, отырған. Сондықтан ары қарай аяқ басу - қауіпті.

Жергілікті билікке талаптарын тыңдата алмаған тұрғындар болса, «күндердің күні мына бетон төсемелер төбемемізге түсіп кете ме» - деп қалың үрей құшағында отыр.

44 пәтерлі 4 қабатты үй 1966 жылы салынған. Тұрғындардың айтуынша, содан бері баспанаға жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Қарақағазбен жабылған шатыры қырық жамау, дәліздерінің қабырғасы үгітіліп тұр.

Ал, жертөлесі қоқыс тастайтын орынға айналған. «Мына шұрқ тесік құбырлардан атқылаған су электр сымдарына тиіп, өрт болу мүмкін», -  деп қауіптенеді. 10 мың киловаттық ток.

Мына щит мына жақта подъезде, судың бәрі осы төбеден ағады, осы 10 мың киловаттық кабелге. Бір күні осыдан замыкание болса, шитте жарылады, Адам да мерт болуы мүмкін.

Ержан Шыңғысбек:

Подвалды өз күшімізбен жөндеп шықтық. Біреуден труба аламыз, біреуден не аламыз әйтеуір өз күшімізбен. Үйдің кондоминиумнан шыққанына 4 жыл болды, содан бері тоздырмаған есігім жоқ. 4 қабаттан өткен суымыз екінші этажға өтіп жатыр.

Сәулетінің сиқы қашқан үйде тұратын Орынтай Бөгенбаева 3-ші топтағы мүгедек. 20 жылдан бері жамбас сүйегі сал болған ана - жаңбыр жауса шелектерін алып жүгіреді. Мына төбесі тамшылаған пәтерге айына 21 мың теңге төлеп тұратынын айтты. Жағдайы жоқ болғанымен, жалдамалы бағасы арзан болғандықтан амалсыз тұрып келемін, дейді.

Орынтай Бөгенбаева:

Мынаны қара мына жерде болота болып жатыр. Кім кіреді? Ешкім кірмейді. Қонақ күліп кетеді.

Тұрғын үй инспекциясы мамандары да шу көтерген үйге жетті. Бірақ, баспананың қашан жөнделетінін нақтыламады.

Есенгелді Бейсенбеков, Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй инспекциясының басшысы:

Ақша бөлінген жоқ 2012 де. Біз биылға бастадық. Сметасы дайындалып жатыр. Енді ары қарай экспертизадан өткізіп, үкімет ақша берген жағдайда жөндеу жасайтын боламыз. Оған дейін сіздер, міндетті түрде үйдің басқару органын құруыңыз қажет.

Тұрғын үй инспекциясының мәліметінше, Таразда 1235 көп қабатты үйдің 700-нің тозығы жеткен. Оның ішінде биыл 30 үйді 800 млн теңгеден аса қаржыға жөндеу жоспарланыпты. Алайда, «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бойынша жөнделетін үй тізіміне бұл 25-ші үй кірмеген.

Сондықтан, қосымша қаражат бөлінген жағдайда ғана күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Әзірге тұрғындар әрі кеткен үйде тұруға мәжбүр.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ