Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының мүшелері кезектен тыс президент сайлауын өткізуді қолдайды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 1499

«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мүшелерінің ойынша, «Сыртқы факторлар әлемдік саяси сахнада орын алып отырған жағдайдан абыроймен шығу үшін, алдын алу қадамдарын жасауға бастап отыр».

«Ал оған Қазақстанның қауқары жетеді»,-дейді жастар қозғалысы өкілдері. Себебі, Қазақстан әлемдік қоғамдастық тарапынан әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың көшбасшысы ретінде әлдеқашан танылған»,-деп есептейді.

Қанат Әуесбай, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының медиа директоры:

Біз кезектен тыс сайлаудың сыртқы қауіп-қатерлерге берілген нақты жауап екенін қуаттаймыз. Біз еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуін қамтамасыз ететін «Қазақстан-2050» стратегиясының ары қарай жүзеге асырылуын қолдаймыз. Бұл-ұлт көшбасшысы ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси бағдары. Өткізілетін Президент сайлауы - Қазақстанның дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететініне сенімдіміз.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ