Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депуттатары мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы Мемлекет басшысына үндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 905

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастамасын талқылап, бірауыздан қолдайтындарын жеткізді. Осы орайда Мемлекет басшысына үндеу жолдап, сайлау күнін белгілеуді сұрады. Онда "Жалпыхалықтық бастаманы депутаттық корпус қолдап отыр, өйткені таяу уақытта бүкіл қоғамның күш-жігері әлемдік дағдарыстың қауіп-қатерлерін Отанымызды дамытудың жаңа мүмкіндіктері мен перспективаларына айналдыру ісіне бағытталуға тиіс,"- делінген.

Сондықтан мәжілісмендер сайлау Қазақстанның мемлекеттігін одан әрі нығайта түсу жолындағы аса маңызды қадам деп сенеді. Бұған қоса, ел президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу оның Парламент сайлауымен тұспа-тұс келуін болдырмауға мүмкіндік береді. "Сол арқылы сайлау науқандарының сапасы мен ішкі саяси тұрақтылық қамтамасыз етіледі", - дейді депутаттар. 

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Елімізге осы әлемдік дағдарыстың келетін әсерін еңсеру үшін де, бізге осы сайлау қажет. 

Тұрарбек Асанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Мен де осы сайлаудың өткізілуін қолдаймын. Топтасу мен бірігудің маңызы зор. Сондықтан біз біртұртас болуымыз керек. 

Гүлнәр Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Елде тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін, болашақ ұрпақтың бейбіт өмірі үшін, Елбасы айқындап берген мақсат-мұраттарды жүзеге асыру үшін, президент сайлауын қолдаймыз.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Қолдауға шақырамыз. Және ол сыннан сүрінбей өтеміз.

Шалатай Мырзахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" фракциясының мүшесі:

Елдігіміз бен егемендігімізді сақтап, ішкі тұрақтылығымыз мен сыртқы қауіпсіздігіміз үшін, алдағы кедергілерден еңсеміз биік болып өту үшін, біртұтас рух ауадай қажет.