Қазақстандағы
президенттік сайлауды биыл өткізудің маңыздылығы туралы шетелдік сарапшылар да
айтып жатыр. Нью-Йорктағы Форд-хам университетінің профессоры Роберт Чэзин
мемлекет басшысын дәл осы жылы таңдау керектігіне қатысты бір емес, бірнеше
себеп келтірді. Айта кетерлігі, оның халықаралық әріптестік пен
әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша тәжірибесі мол.
Роберт
Чэзин, Халықаралық әріптестік мәселелері бойынша сарапшы:
Президент
сайлауын дәл осы уақытта өткізу керек деп санаймын. Әлемде шиелінісіп жатқан
қарулы қақтығыстар мен түрлі шиеленістерді ескерсек, Қазақстанды халықаралық
аренадағы лайықты деңгейде ұстап тұру үшін, бұл шара керек. Халықтың сенімі
инфрақұрылымдық жобаларды өміршеңді етуге септігін тигізбек. Бұл мәселені
қазақстандықтардың басым бөлігі түсініп, сайлаудың осы кезеңде өтуін қолдап
отырғаны анық.