«Қазақстанның
Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының» сарапшысы Әділ Каукенов кезектен тыс
президент сайлауын өткізу идеясын қисынды әрі өз уақытында айтылған ұсыныс деп
есептейді.
Әділ
Кәукенов, «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» сарапшысы:
Дәл
қазіргі уақытта Қазақстанға жаңарудың қажет болып тұрғаны анық. Мұндай кезде ел
тұрғындары бір бағытта бірігіп, бірлікті сезінуі керек. Оған қоса, Мемлекет
басшысы дағдарысқа қарсы кең көлемді «Нұрлы жол» сынды бағдарламаны жариялады.
Алдағы жылдардың да қандай болатыны белгісіз. Сондықтан да бұл идеяны неге
бүгін көтергені түсінікті.