Русский Сайттың толық нұсқасы

Матиас Дорнфольдт: Қазақстан халқы Ассамблеясы бастаманы өз уақытында көтерді

  • AstanaTV
  • 18 ақпан 2015
  • 713

Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын өткізу туралы бастамасын Германиядағылар да құптап отыр. Неміс саясаткерлері кезектен тыс сайлаудың алдағы жылдары Қазақстандағы тұрақтылықты сақтауға ықпалдасарына сенімді. 

Матиас Дорнфольдт, Потсдам университетінің саясаттану докторы: 

Мен Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысында айтылған ұсынысты - дәл уақытылы айтылған ұсыныс деп есептеймін. Мұндай идеяны Қазақстан халқының өзі бастап отырғаны өте маңызды. Меніңше, Қазақстанда 2015 жылы өтетін сайлау - әлемдегі дағдарысқа қарамастан - елдегі тұрақтылықты сақтап қалуға көмектеседі деп ойлаймын.