Русский Сайттың толық нұсқасы

Украина ХВҚ-нан несие алу үшін ел аумағында газ бен жылу тарифін көтеруге шешім қабылдады

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 879

Украинада көгілдір отын тарифі 280 пайызға, жылу бағасы 66 пайызға шарықтайтын болды. Билік жыл соңына дейін Украинаға 8,5 миллиард доллар несие береміз деген Халықаралық валюта қорының талабын орындау үшін бағаны өсірмек.

Бұл туралы Украина ұлттық банкінің басшысы Валерия Гонтарева Dragon Capital компаниясының Киевте өткен конференциясында хабарлады,
- деп жазады Интерфакс. Бұл қадам 2015 жылдың қорытындысы бойынша елді 25-26 пайыздық инфляцияға ұшыратуы мүмкін.

Тарифтерді көтеру Министрлер кабинеті жоспарлаған бюджетті оңтайландыру жобасында қарастырылған. Ал қазынаны қайта қарау құжатында, қаржы тапшылығы 3,7 пайыздан 4,1 пайызға өсіп, ішкі жалпы өнім көрсеткіші 5,5 пайызға төмендейтіні болжанған.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ