Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның «дипломатиялық модератор» мәртебесін сақтап қалу үшін Президентке халықтың сенім мандаты қажет

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 877

Қазақстан халықаралық, этнос-дінаралық тартыстардың модераторы мәртебесін сақтап қалу үшін елбасына кезекті сенім мандатына ие болуға мүмкіндік беру қажет. Бүгін Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институының «Аманат» пікір-сайыс клубында қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар мен белсенді блогерлер, кезектен тыс президент сайлауын өткізу мәселесін ортаға салды.

Саясаттанушы Ерлан Саиров:

Геосаяси күрделі жағдайда президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу маңызды» дейді. 
Елбасы өзінің модераторлық қасиетін көрсетті. Ол кісімен қазір Ресейдің Президентімен сөйлесу үшін ең бірінші біздің Елбасына звондайды, анау мәселені біз қалай шешеміз деп. Ол жақтың мнениесін біліп, значит қазір дипломатиялық модераторлық деңгейге жетті деген сөз. Осы инструментті дұрыс пайдалану үшін ол кісіге халықтың сенім мандаты керек.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ