Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк ипотекалық борышкерлер мәселесін шешу жолдарын қарастыруда

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 666

Ұлттық банк пен Үкімет ипотекалық несие мәселесінде қордаланып қалған сұрақтарды шешуге кіріспек. Осы мақсатта банктерге 130 млрд  теңге бөлінеді,- деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

«
Бұл қаржы борышкерлердің ипотекасын өтеуге жұмсалмайды. Қаржы ипотекалық несиелер бойынша қызмет көрсету жағдайын жеңілдетуге бағытталады»,- делінген хабарламада.

Ұлттық банк бұл шараның 11 ақпанда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жүктеген міндеттерді орындау қадамы екенін түсіндірген.

Қаржылық мекеме осы шаруаның механизмін қалыптастырып, негізгі бағыттарды айқындауда құзырлы мемлекеттік органдар, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы және қоғамдық ұйымдармен қоян қолтық жұмыс істеуге мүдде танытып отыр.

Айгүл ӘДЕПБАЙ