Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО кәсіпорындары жұмыссыздыққа жол бермеу жөніндегі меморандумға қол қойды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 1221

Жаппай жұмыссыздыққа жол бермеу үшін, Шығыс Қазақстан облысында «Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» аясында жаңа мамандыққа бейімдеу, одан әрі жұмысқа орналастыру бағдарламасы іске асырылмақ. Бірінші болып оқуға өнеркәсіп жұмысшылары кіріседі. Қазір өңірлік зауыттар жұмыс орындарын барынша сақтап қалуға тырысып бағуда.

Кей кәсіпорындар жартылай жұмыс күні тәртібіне көшсе, енді бірі жұмысшыларын қосымша кәсіпорындарға жіберуде. Әзірге өңір кәсіпорындарында жұмысшыларды қысқарту фактілері тіркелген жоқ. Зауыт басшылығы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен, ерекше жағдай бола қалған күнде, өзара іс-қимыл шараларын қарастыратын меморандум жасасты.

Айжан Садықова, «ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ басшысы:

Тіпті қиын жағдай орын алып, азаматтардың жұмыстан қысқартылу қаупі төнген күнде, кәсіпорындар бізді 2 ай алдын ала ескертіп, біз оларды жаңа мамандыққа қайта бейімдеп, жұмыспен қамтуға әзірміз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА