Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыдағы мәйітхана жабылды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 1462

Алматыдағы мәйітхана бүгін таңертеңнен бастап адам мүрделерін қабылдамаған. Бұл туралы мекеме басшылары біздің арнаға берген сұқбатында мәлімдеді. 170-тен астам қызметкері бар медициналық сараптама орталығы қазір елең-алаң күй кешіп отыр.

Бүгін ішкі істер органдары тарапынан жасалатын сот-медициналық сараптамалар ауруханалардың арнайы мәйітханаларында жасалыпты. Таңертеңнен бері мәйітхана мамандары екі адамға мекеме аумағынан тыс жерде арнайы сараптама жүргізуге мәжбүр болған.

Тахир Халимназаров, сот медицина орталығының Алматы филиалы директорының орынбасары:

Біз бүгіннен бастап мәйіттерді, тірі тұлғаларды сот-сараптамаға қабылдамаймыз. Егер қандайда бір ішкі істер қызметкерлері тарапынан сот-сараптама жүргізу керек болса, біздің қызметкерлер оқиға орнына шығып жасап қайтады.

Есігіне құлып ілінген қаладағы ең үлкен мәйітхананың қашан жұмыс істейтіні белгісіз. Жақында Алматы қалалық ауданаралық экономикалық соты, аталған мекеме санитарлық талаптарға жауап бермейді, деген негізде жауып тастаған еді. Мегаполистегі жалғыз мәйітхана күніне 40-қа жуық мүрдеге сараптама жасап келген.

Айта кетейік, сот медицина орталығы жаңа жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігінен Әділет министрлігі қарамағына берілген.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ