Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысында қызылшаға қарсы екпеден соң жасөспірімдер ауруханаға жеткізілген

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2015
  • 1363

Маңғыстау облысында тағы 2 адам қызылша ауруына қарсы екпеден соң аурухана түсті. Кешелі-бері барлығы 34 жасөспірім ауруханаға жеткізілген. Олар бастары ауырып, денелері құрысып, әлсіздік пайда болғанын айтып шағымданған.

Екпенің кері әсерін алғаш боп сезінген Жаңаөзен қаласының оқушылары мен студенттері. Екі оқушы қыздың жағдайы тіптен ауыр болғасын облыстық ауруханаға жеткізілген. Біреуі жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер науқастардың жақындары сабырға шақыруда. Екпеден кейінгі мұндай кері әсері адам ағзасының қалыпты дейді.

Мысалы, Жаңаөзенде 6 мың 650 вакцинаны 2 333 адам қабылдаған. Олардың тек 30-ға жуығы ғана жайсыз сезінген деді. Дәл осындай дәрі Бейнеу ауылының мың жарым тұрғынына егіліп, тек бір адамның жағдайы нашарлаған. Тағы бір жағдай Ақтау қаласында тіркеліпті. 

Алмабек Бисен, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқарамасы бастығының орынбасары:

Жаңаөзенде вакцина егу тоқтатылды. Екпе тексерілуде. Қазір ештеңе айта алмаймын. Препараттың барлық қажетті сертификаттары бар. «СК Фармация» арқылы алынды. Республика бойынша 1 млн дана сатылып алынған. Бұл әдеттегідей ағзаның қалыпты жауабы ғой.

Еліміз бойынша Жаңаөзендегі жағдай алғаш емес. Бұған дейін үндістандық дәрі-дәрмекті пайдалану салдарынан Теміртауда да бірнеше жас төсек тартқан болатын.  

Мансұр ЕСҚОЖИН