Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры құрылды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1167

Қарағанды облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру қоры құрылды. Сауда-саттық кәсіпорындары әкімдікпен әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қымбаттатпауға уағдаласып, бірқатар келісімдерге қол қойған.

Бұл туралы аймақ басшысы халық алдында есеп беру кездесуінде айтты. Нұрмұхамбет Әбдібеков әлемдік дағдарысқа төтеп беруі үшін алдымен қолда барды үнемдеуге кіріскен жөн екенін жеткізді.

Азық-түлік қорын тұрақтандыруға өндірушілермен қатар тасымалдаушылар да ат салыспақ. Облыс әкімдігі азық-түлік тасымалымен айналысатын тұлғалармен келісім-шарт жасасты. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы да энергия үнемдеуге көшкен.

Алайда, тұрғындарды толғандыратын мәселелер баршылық. Халыққа баспана, бүлдіршіндерге балабақша жетіспейді. Көпшілік азаматтар жергілікті билік өкілдерінің салғырттығына шағымданды.

Дмитрий Бойко, Қарағанды қаласының құрметті азаматы:

Қарағанды облысының шенеуніктері тұрғындардың сауалына жауап бермеу жағынан бірінші орында тұр. Әкімдердің ары-бері сілтеген қағаздары жетіп артылады. Мен оған куәмін. Шенеуніктерге талап тілектерімізді айтып, өтініштер жолдаймыз, олар орындамайды.

Нұрмұхамбет Әбдібеков, Қарағанды облысының әкімі:

Мәселе мемлекеттік қызметке қатысты болып тұр. Сіз қызмет сапасы төмен дейсіз. Біз оны жақсы білеміз, жанымыз да ауырады. Бүгін әкімдіктің өзінде 40-шақты орын бос тұр. Қоғам үнсіз.

Айжан ҚУАШ