«Ресей бітімгершілік келісімін бұзған күнде, Америка құрама штаттары жаңа санкциялар қолданады», - дейді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Донбаста оқ атпау талабының бұзылуын тоқтатуға үндеуде.
Керри сондай-ақ, қақтығыс орнына Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларын жіберуді сұрайды. Ал Псаки Ресей президентінің Құрама штаттар Украинаға қару жеткізді, - деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
Өз кезегінде америкалық сенаторлар Джон Маккейн мен Линдси Грэм Батысты әрекетсіздігі үшін айыптап, Минск келісімін «күлкілі» құжат деп отыр.
Джен Псаки, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз
хатшысы:
Ресей мен сепаратистер келісім талаптарын орындамай, Украинаға ресейлік жауынгерлер мен қару жеткізу жалғаса берсе, санкциялардың жаңа пакеті енгізіліп, әлемдік қауымдастық деңгейінде күрделі әңгіме болады.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ