Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Ресейге қарсы жаңа санкциялар тізімін енгізуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1039

«Ресей бітімгершілік келісімін бұзған күнде, Америка құрама штаттары жаңа санкциялар қолданады», - дейді АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Джен Псаки. Рейтерстің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты Донбаста оқ атпау талабының бұзылуын тоқтатуға үндеуде.

Керри сондай-ақ, қақтығыс орнына Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының бақылаушыларын жіберуді сұрайды. Ал Псаки Ресей президентінің Құрама штаттар Украинаға қару жеткізді, - деген мәлімдемесін жоққа шығарды.

Өз кезегінде америкалық сенаторлар Джон Маккейн мен Линдси Грэм Батысты әрекетсіздігі үшін айыптап, Минск келісімін «күлкілі» құжат деп отыр.

Джен Псаки, АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы:

Ресей мен сепаратистер келісім талаптарын орындамай, Украинаға ресейлік жауынгерлер мен қару жеткізу жалғаса берсе, санкциялардың жаңа пакеті енгізіліп, әлемдік қауымдастық деңгейінде күрделі әңгіме болады.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ