Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысындағы мемлекеттік органдар, жеке тұлғалардан түсетін арыздарды тіркемейді немесе қараусыз қалдырады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1019

Қызылорда облысының бірнеше уәкілетті мемлекеттік органдары, тұлғалардан түскен өтініштерді мүлдем тіркемейді немесе қараусыз қалдырады. Облыстық прокуратура өтініштерді қарау барысында заңдылық қаншалықты сақталатынын анықтау мақсатындағы өңірдегі орталық және жергілікті атқарушы 70 мекемені тексерді.

2013-2014 жылдар аралығында мемлекеттік органдардың құжаттарын тексере келе, олардың өз құзыретіндегі проблемалардан хабарсыз екені немесе білгісі келмейтіні белгілі болған. Сондай-ақ, өтініштерді қарау тәртібі меңгерілмеген деген қорытынды жасалды.

Құрылыс, жер қатынастар, білім беру, экономика және бюджетті жоспарлау басқармаларының басшыларымен азаматтарды жеке қабылдау мүлдем жүргізілмеген. Облыстық Әділет департаменті болса, өтініштерді есепке алу журналына 2013 жылы тіркелген 1 мың 173 арыздың орнына, 30 мыңға жуық өтініш тіркелгенін жазған.

Осы тектес заңсыздықтар Ішкі істер органдарында да орын алған. Кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, айыппұлдар салынды.

Манарбек Ерназаров, Қызылорда облыстық прокуратура басқармасының бастығы:

Шиелі кентінің әкімдігі жеті жыл бойы жер учаскесіне байланысты жазылған өтініш ұсталып, құрылыс басқармасымен 200-ден астам арыздар есепке алынбай, олар негізінен қаралмай, өз шешімін осы уақытқа дейін таппағандығы анықталды. Қазіргі уақытта тек прокуратураның ұсынысынан кейін ғана бұл мәселелер өз шешімін табуға, негізінен қаралуына қол жеткізіліп жатыр.

Шәрипа САҚТАПОВА