Русский Сайттың толық нұсқасы

Мерзімінен бұрын президенттік сайлаудың өтуін Генералдар кеңесі қолдайды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1239

Мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің ғана емес, халықтың да бастамасы. Бүгін Алматыдағы Генералдар кеңесі мүшелері осылай деді.

Халық қалауын генерал-қолбасшылар түгелімен қолдаймыз,-дейді. Құрамында 117 генералы бар Республикалық қоғамдық бірлестік Президент Әкімшіліне арнайы хат та жолдаған. Онда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевты кезектен тыс президент сайлауына қатысуды сұраған.

Сонымен қатар, еліміздің түрлі әскери саласын басқарған Генералдар, Елбасы кезекті сайлауға қатысуға келісімін берсе, жан-жақты үгіт-насихат жүргізуге дайын екендерін жеткізді.

Рустем Қайдаров, «Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігі президиумының төрағасы:

Президентке, Нұрсұлтан Әбішұлына айтарымыз, бұл халықтың ұсынысы, сол ұсынысты қабылдап, сайлауға қатыссаңыз. Ал, біз өз тарапымыздан Қарулы күштер, Ішкі істер күштері Нұрсұлтан Назарбаевты қолдаймыз.

Берік ХАСЕНОВ