Русский Сайттың толық нұсқасы

«Самұрық-қазына» орынсыз валюталық операцияларға шектеу қойды

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 898

«Самұрық-қазына» қоры өз құрамындағы компанияларға орынсыз валюталық операцияларды жасауға шектеу қойды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде қор басшысы Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді.

2010 жылдан бері қорға қарасты компаниялар қаражатының 40 пайызы валютамен сақталған. Былтыр «Самұрық-қазына» 9,2 миллиард доллар сатып, 5,7 миллирад доллар сатып алған.

2014-жылдың басында доллармен сақталған қаржы көлемі  44 пайыз болса, жыл соңына дейін 41-ге түскен. Жалпы Қордың Қазақстандық депозиттердегі қаржысы 7 пайызды құрайды.

Брифингте Шүкеев топ менеджерлерінің жалақысына да тоқталды. Ол
: «өзге елдермен салыстырғанда аз, тіпті елдегі жекеменшік компаниялардан әлдеқайда төмен», -  дейді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА