Русский Сайттың толық нұсқасы

Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1087

Бүгін Елбасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровты қабылдады. Кездесу барысында Қожамжаров агенттіктің қазіргі жұмысы, мемлекеттік қызметті кәсібилендіру және тиімділігін арттыру бағытында атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз етудің маңыздылығына назар аударды. Агенттік төрағасы сондай-ақ жаңа мемлекеттік қызмет моделінің тұжырымдамасында белгіленген реформалардың бірінші кезеңін бағалау және мониторинг қорытындылары туралы баяндады. «Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді», - деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ