Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысының әкімі: Төртінші мұнай өңдеу зауыты Маңғыстауда салынуы керек

  • AstanaTV
  • 20 ақпан 2015
  • 1151

Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салу керек. Және оны Маңғыстау облысына орналастырған жөн. Халық алдында есептік кездесуін өткізген өңір басшысы Алик Айдарбаев осылай деді.

Алик Айдарбаев, Маңғыстау облысының әкімі:

Біздің ойымызша, төртінші мұнай өңдеу зауыты экспортқа негізделіп салынуы керек. Бүгінгі дейін барлығы біз мұнай өнімдерін экспорттай алмаймыз дегенді айтып келді. Бұл пікір дұрыс емес. Мәселен, бізбен көрші отырған Иран мұнай өнімдерінің импортына қызығушылық танытып отыр.

Әкімнің айтуынша, көптеген облыстар мұнай өңдеу зауытының өздерінде салынғанын қалайды. «Жарысқа біз де қатысамыз және біздің басымдылығымыз бар», - дейді өңір басшысы. «Егер зауыт экспортқа негізделсе, ішкі нарықта мұнай өнімдерінің артықшылығы болмайды. Бүгінде қытайлық және ирандық компаниялар аталмыш нысан құрылысына білек сыбана кіріскелі отыр», - дейді әкім.

Айгүл ӘДЕПБАЙ